Алматыда үш ауданда суық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш ауданда сегментарлы тәртіпте суық су ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Алматы су» холдингінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

24 қыркүйекте Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарының солтүстігіне қарай Рысқұлов көшесінен төмен орналасқан ғимараттарда сегментарлы түрде 20:00-ден бастап суық су ажыратылады. 

Уақытша қолайсыздық диаметрі 1200-1400 мм болатын Талғар су құбырын жоспарлы түрде жөндеумен байланысты болып отыр. Аталған учаскеде су құбырлары 50 жылдан бері ауыстырылмаған. Су жөндеу жұмыстары аяқталуына қарай кезең-кезеңімен қосылады. 

«Суық су 26 қыркүйекте толығымен қосылады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар 23 автоцистерна арқылы сумен қамтылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,- деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram