Алматыда үш биодәретхана орнату үшін 21 миллион теңге жұмсалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаның ірі мегаполистері секілді Алматыда орталық су құбыры мен кәріз жүйесіне қосылған үш биодәретхана орнатылды, деп хабарлайды almaty.tv.

Алматыда үш биодәретхана орнату үшін 21 миллион теңге жұмсалған

Олар Мақатаев-Уәлиханов көшелерінің қиылысына, Мұстафин көшесінің бойына және Қазақстан қонақ үйінің артында орналасқан. Жыл соңына дейін олардың саны 10-ға жетеді. Ал келесі жылы қалада жүзден астам биодәретхана болады. Осылайша, Алматы кәсіпкерлерінің бірі тұрмыстық деңгейде болса да, қаланы туристік тартымды етуге шешім қабылдады. Бір биодәретхананы орнату үшін кәсіпкер 7 миллион теңге жұмсаған. «Біз Алматы тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы, таза, стационарлық санитария талаптарына сай дәретханалар орнатуды қолға алдық», - деді кәсіпкер Хасан Гасанов.