Алматыда үш мыңға жуық жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда соңғы тәулікте 985 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 388 адам, 2-компонетін 597 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда үш мыңға жуық жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырды

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 20 ақпан аралығында қалада 1 132 491 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 087 361 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 585 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 51 964 адам салдырды.

Оның ішінде 2 844 жүкті әйел, 11 357 бала емізетін ана және 37 773 жасөспірім бар.

226 873 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.