Алматыда ядролық сынақтарға тыйым салуды қамту туралы келісімді қолдаудың халықаралық оқу орталығы ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда ядролық сынақтарға тыйым салуды қамту туралы (ЯСТСҚТ) келісімді қолдаудың халықаралық оқу орталығы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Қайрат Қадыржановтың айтуынша бұл оқу орталығын құру еліміздегі сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуде өз пайдасын тигізбек. «Бұл орталық Орта Азия аумағында сейсмикалық бақылауды үйлестіру мен дамытуға мүдделі. Сонымен қатар халықаралық жүйеге сәйкес ядролық сынақтардың мониторингі бойынша жалпы міндетпен сейсмикалық апаттың қауіп-қатерін төмендетуге қатысу», дейді Қ.Қадыржанов.

Аталмыш орталықта дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізілмек. Курсқа қатысушылар Қазақстанның ұлттық деректер орталығының қызметімен танысады. Оларды мониторингті деректермен тәжірибелік жұмысқа бай дүниежүзілік сейсмологияның беделді орталықтарында сынақтан өткен ҚҰДО мамандары оқытады. Орталық қызметінің нәтижесі Орталық Азияның әр түрлі сейсмологиялық ұйымдары үшін дайындалған маман-сарапшы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар