Алматыда Ядролық және радиациялық физика атты VII Халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат. Қыркүйектің 8-11-де Алматы қаласында Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) Ядролық физика институтының базасында «Ядролық және радиациялық физика» атты VII Халықаралық конференция өтеді.

Алматыда Ядролық және радиациялық физика атты VII Халықаралық конференция өтеді

Бұл дәстүрлі конференцияны ұйымдастырушылар ҚР ЭМРМ, ҚР ҒБМ, АЭК, «Қазатомпром» ҰАК, сонымен қатар ҚР ҰЯО
бағдарлы институттары болып табылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығының баспасөз қызметі.

 Халықаралық кеңестік алқалар құрамына және конференцияны Ұйымдастырушы комитеттің құрамына ядролық физика, атом энергетикасы мен радиациялық материалтану, радиациялық экология мен ядролық медицина саласындағы көптеген елдердің, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдардың жетекші мамандары енді.

Конференция бағдарламасы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулердің іргелі және қолданбалы бағыттарының кең аумағын қамтиды. Олар: Ядролық физика мен энергетика, Тығыз дененің радиациялық физикасы және материалтану мәселелері, Ядролық таратылмау, Радиациялық экология, Медицинадағы және өндірістегі ядролық-физикалық әдістер және т.б.

Конференцияның көкейтесті тақырыбы халықаралық ғылыми қауымдастықтың  қызығушылығын туғызды. Конференцияға қатысуға 19 елдің ғалымдары тілектерін білдірді. Барлығы АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Түркия, Украина, Беларус, Өзбекстан, Армения, Малайзия, Әзірбайжан, Польша, Үндістан, Тәжікстан, Грузия, Германия, Ұлыбритания, Словакия, Нигерия елдерінен 280 өтінім қабылданды.

   Дәстүрлі бағытты сақтаумен қатар, конференция жаңа мәселелер мен басымдылықтарды есепке ала отырып, талқыланатын мәселердің аумағын кеңейтеді. Бұл жылы, 2010-2020 жылдары Қазақстан Республикасында атом саласын дамыту Бағдарламасы бойынша баяндамалар және осыған байланысты ҚР ядролық отын циклын дамыту тактикасына және стратегиясына қатысты мәселелер де талқыланады деп жоспарлануда. Конференцияны өткізер кезең «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келеді, сол себепті конференция шеңберінде «Семей сынақ полигоны - қазіргі жай-күйі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады, ол жерде бұрынғы сынақ ядролық полигонының мәселелері бойынша, қоғамды жан-жақты ақпараттандыру, сонымен қатар халық шаруашылығына жерлерді беру мүмкіндігі жайлы пікір алмасады. Әр елдің мамандары өз баяндамаларында ядролық сынақтар өткізілген жерлерді зерттеу, радиоактивті қалдықтардың жинақталуына байланысты экологиялық мәселелер мен қатерлер, радиоактивті қалдықтарды қолдану, радионуклидтердің шекарадан тыс жылыстау мәселелері, сонымен қатар радиациялық қауіпсіздікті бақылауға және ядролық сәулеленуді өлшеуге қолданылатын аспаптардың жаңа түрлерін әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда.   

Бұдан басқа, «Ядролық және радиациялық физика» 7-ші Халықаралық конференциясының бағдарламасына ядролық қаруды таратпау режімін қамтамасыз етуге қатысты көкейтесті мәселелер - ядролық сынақтарды мониторингілеу, жоғары байытылған уранды пайдалануды минимизациялау және ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналысына қарсы тұруына байланысты мәселелер енгізілді.   

Ядролық-физикалық және материалтану зерттеулеріне арналған үдеткіш техникасын дамыту аспектілеріне: ДЦ-350 жобаланушы циклотронның ауыр иондары шоғырында зерттеулерді дамыту келешегі; электронды үдеткіш және бос электрондардағы терагерцерлік лазер базасындағы көпбағыттағы ғылыми-зерттеу кешенінің тұжырымдамасына және т.б. баса назар аударылатын болады.  Сонымен қатар мамандарды дайындау мәселелері талқыланады, оның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар» халықаралық кафедрасының алғашқы табыстары, ЯФИ мен ОИЯИ қатысуымен өтеді. Бұндай кафедраны құру бұдан бұрын өткен VI конференцияның шешімімен ұсынылған болатын.

Бұл өтетін конференцияда қазақстандық мамандар бұдан бұрын өткен конференцияда талқыланған жобаларды табысты іске асыру жайлы айта алады. Жыл ағымы бойында Курчатов қаласында радиациялық технологиялар кешені пайдаланылуға берілді, Астанада Республикалық диагностикалық орталығында позитронды-эмиссиялық диагностиканың орталықазиялық ауданның алғашқы бөлімі құрылды, Алматы қаласында ҚР ҰЯО ЯФИ базасында ядролық медицина және диагностика орталығының құрылысы басталды.

 Анықтама үшін:

  ҚР ҰЯО Ядролық физика институты 1957 жылы ядролық физика, қатты дене және ядролық энергетика физикасы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер өткізу үшін құрылған болатын. 

Қазіргі уақытта Институт бірегей тәжірибелік қондырғылармен жабдықталған, қуатты ғылыми орталық болып табылады,оларға: У-150 изохронды циклотроны, УКП-2-1 ауыр иондардың тәжірибелік үдеткіші және ДС-60 ауыр иондарының үдеткіші, ВВЗ-К ядролық реакторы, 1,5 МэВ қуаты бар электрондардың желілік үдеткіші, сонымен қатар қазіргі заманғы зерттеу жабдықтары жатады. Институттың Астана және Ақсай қалаларында өз филиалдары бар; Институттың штат құрамында 25-тен аса ғылым докторы мен 60-тан аса ғылым кандидаттары жұмыс істейді.

Институттың ғалымдар мен мамандары Батыс және Шығыс Еуропаның, Американың, Жапонияның, Кореяның, Ресей мен Украинаның көптеген ғылыми орталықтарымен ұзақмерзімді және тығыз байланыс орнатқан.   

Өз қызметі барысында Институт ядролық физика, тығыз дененің физикасы және материалтану саласында қомақты үлестерге жетті және әлемдік ғылыми қоғамдастықтың мойындауына ие болып, аты әйгі болды. Қазіргі заманғы ядролық физиканың кейбір мәселелері шешілді, олар: бір атомды және екі атомды газдардың қатарында ВВР-К реакторында ультрасуық нейтрондардың таралуын кесу және өзара әрекеттесуін толықтай кесу алғашқы рет өлшенді, бета-спектрометриялық аппаратураның жоғары өлшемді әзірлемелерді қолданбалы ядролық физика саласында қолдануға болатын және радиоактивті заттектерді электронды өлшеуді прецизионды зерттеулерде қолданады.      

Материалтану жұмыстарын орындау барысында Институтпен қызметтестіктің әлемнің жетекші орталықтарымен бірге белсенділігі жоғары үлгілерді зерттеудің жаңа әдістері әзірленді. Әзірленген әдістемелерді қолдану реакторлық материалдарды зерттеудің тәжірибелік мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі әдістерді қолдана отырып анықтау мүмкін емес, жаңа әсерлерді анықтауға да мүмкіндік береді. Жаңа материалдарды ионды-плазмалық синтездеу әдісі әзірленді, оның негізінде жоғары критикалық параметрлі жоғары өткізгіш жамылғылар алынды, сонымен қатар жұқа ұсақ дәнді магнетронды берилий құрамдас материалдан жасалған фольгадан жоғары серпінді және мықты материалдар әзірленді. 

Институттың негізгі  міндеттерінің бірі болып Қазақстандағы ядролық сынақтардың зардабын зерттеу болып табылады, еліміздің аумағында бірнеше ондаған жылдар бойында шамамен 500-ге тарта жерасты, жерүсті және атмосфералық жарылыстар жасалды. ССП ластану деңгейі мен сипатына ауқымды зерттеулер жасалды, қауіптілігі жоғарылау деген телімдер анықталып оларға сипаттама жасалды және олардың теріс әсер етуін төмендету үшін бірқатар шаралардың жүйесі ұсынылды; ССП әсер етуі ықтимал аймақтардағы тұрғындардың дозаларын өткенді шола отырып бағалау жасалды. Қоршаған орта нысандарында ауыр металлдар мен кез-келген табиғи және жасанды радионуклидтердің шоғырлануын мөлшерлік есепке алу үшін әдістемелер кешені құрылды. 

Өнеркәсіптер мен медицинаға арналған радиациялық технологияларды әзірлеу саласында жұмыстар нәтижелі жүргізілуде.  Институт  Таллий-201, Технеций-99, Йод-131, Галлий-67 изотоптары бар радиофармпрепараттарды шығарады және клиникаға жеткізеді; АҚШ Лос-Амосстық Ұлттық зертханасымен қызметтестік нәтижесінде Германий-68 радиоизотопын алу технологиясы әзірленді, материалдардың құрамына арналған ядролық-физикалық әдістері нәтижелі орындалуда. Медицинаға арналған радиоизотопты өнімді шығару жолға қойылған.