Алматыда жаңа физика-математика лицейі ашылды

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда  қаласының «Ақбұлақ" ықшамауданында 1200 балаға арналған физика-математика лицейі ашылды.
None
None

Онда оқу үдерісі 2013 жылдың қыркүйегінде басталмақ. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы көлемі 8,5 мың шаршы метрді құрайтын бұл білім орнының  құрылысы өткен жылдың аяғында басталған болатын.

«Биыл Алматы қаласында 9 балабақша, 2 мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде «Алғабас», «Аққент», «Ақбұлақ», «Қарасу», «Шаңырақ» сынды ықшам аудандарда 7 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Олар іске қосылған кезде біз мектеп орындарына деген тапшылықты айтарлықтай азайтатын боламыз», -  дейді шаһар басшысы  Ахметжан Есімов.

Алматыда соңғы 5 жыл ішінде білім беру жүйесінің 32 нысаны  салынды. Оның ішінде 7  мектеп, 31 балабақшасы, 3  мектеп пен тірек-қозғалыс мүшелері бұзылған балалар интернатының қосымшалары бар. Қазіргі таңда тағы  8 нысанның құрылысы аяқталып келе жатыр. Білім беру жүйесінің бұл 40 мекемесін салуға жұмсалған қаржы көлемі - 25,2 млрд. теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар