11:12, 01 Ақпан 2019 | GMT +5
Алматыда жаңбырдың соңы қарға ұласты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңбырдың соңы қарға ұласты. Бір түннің ішінде қаладан 1100 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қаланың «жасыл» экономика басқармасына сілтеме жасап.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында құм шашатын 155 көліктің кезекшілігі ұйымдастырылды. Жауын-шашын түскен уақытта 860 арнайы техника, 2620 адам жұмыс істеді. Көктайғаққа қарсы 4262 тонна материалдар қолданылды. Кешкі және түнгі уақыттарда тас жолдар мен тротуарлар қардан тазартылды.
Таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша қалаға 15 см қар түскен, таулы аймақтарда оның деңгейі 25 см асады. Бұдан бөлек, түнгі уақыттарда қарды жаппай шығару ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар таңғы көлік кептелісінен кейін қайта жалғасады.
1100 текше метр қар шығарылды. Күндізгі уақытта тротуарлар мен аялдамаларды қардан тазартуға көңіл бөлінеді, деп атап өтті басқармада.