19:37, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Алматыда жарық жүйесін пайдаланушыларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда электр энергиясын ұрлау, электр жүйесіне заңсыз қосылу, электрді пайдаланудың заңдылықтарын бұзу фактілерін анықтау мақсатында жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Алатау жарық» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Небәрі бір апта ішінде 63 нысан тексеріліп, 6 миллион теңгенің электр энергиясын ұрлау фактілері анықталған. 14 электр жүйесіне заңсыз қосылу, 3 электр энергиясын пайдалану есебін заңсыз жүргізу, 29 дұрыс есептемейтін құралдарды пайдалану оқиғалары ашылды. Оларға заң негізінде айыппұл мен әкімшілік жаза қолданылмақ.
Тексеру шаралары шілде айының ортасына дейін жалғасады.