Алматыда жас мұғалімдерге 19 мың теңгеге жуық үстемақы қосылады

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас мұғалімдерге 19 мың теңгеге жуық үстемақы қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында басқарма басшысы санаты мен еңбек өтілі жоқ жас мұғалімдерге 18 696 теңге үстемақы қосылатынынайтты.

 «Педагогтың мәртебесін көтеру ерекше назарға алынды. Елбасының халыққа Жолдауында атап көрсетілгендей, жаңа мазмұнды білім беру жүйесіне өткен мұғалімдердің жалақысы 30% өседі. Санаты мен еңбек өтілі жоқ жас мұғалімдерге 18 696 теңге, жоғары санатты мұғалімдерге 27мыңнан аса теңге үстемақы қосылады», - деді ол.

 Сонымен қатар, басқарма басшысы орта білім беру деңгейінде жаңартылған мазмұнды білім беруге кезеңдеп өту 2020 жылы аяқталатынын айтты.

 «Осы ретте жаңартылған мазмұнды білім беруге 2016 жылы 1-інші сыныптар, 2017 жылы 2, 5, 7-інші сыныптар өтті. 2018 жылы кезеңдеп өту 3, 6, 8-інші сыныптарда жалғасын табуда. 2019 жылы, 9, 10-ыншы сыныптар, 2020 жылы 11-інші сыныптар өтеді», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар
telegram