11:16, 02 Қараша 2017 | GMT +5
Алматыда жас жігіттер зейнеткерді соққыға жығып, телефонын тартып алып кеткен
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда зейнеткерді соққыға жығып, телефонын тартып алғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңғы 3:30 шамасында 19 және 20 жастағы жігіттер қарт кісінің ту сыртынан келіп, жамбасқа алып ұрған. Жалма-жан қолындағы телефонын тартып алып тұра қашқан.
Жерге құлаған зейнеткердің қос тізесі бірдей сынып кеткен. Жапа шеккен зейнеткер ауруханада 1 аптадай комада жатты.
«Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Олар келесі күні телефонды 7 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілер кінәларын мойындады. Олардың бірі бұрын ұрлық үшін істі болған", - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.