Алматыда жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан аймақаралық жарыстар аяқталды

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыдағы «Mega Ice» мұз айдынында жасөспірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Mega Ice» клубтарының ІІ-ші аймақаралық жарыстары аяқталды.
None
None

Осымен екінші рет өткізілген сайысқа Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Ақтау қалаларының 80-ге жуық жас мәнерлеп сырғанаушылары қатысты.

Жарысқа қатысушылар жалғыз мәнерлеп сырғанаудан сынға түсті. Спорттық дода халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ИСУ) және ҚР конькимен жүгірушілер федерациясының бекітілген ережесі бойынша өткізілді.

Жеңімпаздар А,В және С тобы бойынша анықталды.

А тобы бойынша І жүлделі орындарды Ақтөбе қаласының жеткіншіктері иеленсе, В тобы бойынша Ақтау қаласының жасөспірімдері шеберлік көрсетті, ал, С тобы бойынша алматылық мәнерлеп сырғанаушылар үздік өнер көрсетіп, І орындарды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар