Алматыда жастарға арналған жаңа басылым жарық көрді

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қалалық ішкі саясат департаменті, Мемлекеттік жастар саясатын қолдау қоры және «Жас отан» жастар қанатының қолдауымен  жастарға арналған «Гүлдәурен» атты жаңа газеттің тұңғыш саны  жарық көрді,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ, орыс тілдерінде шығатын жастар басылымының құрылтайшысы «Балалар кітабы» қоғамдық қоры. Басылымның бас редакторы Жангелді Естенбаевтың айтуынша, газет айына 1 рет 1000 дана таралыммен шығады.

«Алдағы уақытта таралымын көбейтіп, жастардың өзіндік ой айтатын мінберіне айналдыруды көздеп отырмыз. Басылымының мақсаты - қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы сынды өзекті мәселелерді көтеру, жастар саясатының дамуына ықпал жасау», дейді Ж.Естенбаев.

Газеттің алғашқы санына жастар практикасы, ауыл жастарының өзекті мәселелері, жастардың  есірткіге қарсы шаралары, қазақтың батыр арулары туралы мақалалар мен Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Бақытжан Нарымбетов пен Еуразиялық нарық институтының ректоры Айтқали Нұрсейіттің сұхбаты берілген.

Соңғы жаңалықтар