13:07, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда жеңіл көлік көпір бағанына соғылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шығыс айналма жолында көпір бағанына соғылған көлік жүргізушісін жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол-көлік апаты Шығыс айналама жолының Төле би көшесімен қиылысында болған.
«Жигули» көлігі аталған күре жолмен келе жатқан. Айналма жолдың тұсына келген белгісіз көлік оның жолын кесіп өтпек болған. Жол апатынан қашпақ болған жүргізуші солға шұғыл бұрып, көпір бағанына соғылған.
Жигули жүргізушісін жедел жәрдем алып кетті. Апатқа ұшыраған көлік қатты зақымданды.