Алматыда Жеңіс күнін мерекелеу Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталады

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады.
None
None

Саябақта мерекелік шара барысында соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған дастархан жайылып, А. Беляковтың жетекшілігіндегі ҚР Мелекеттік үрмелі аспаптар оркестрі концерт қояды.

Ұлы Жеңістің 67-жылдығына арналған мерекелік шаралар одан кейін, «Астана» алаңында  жалғасады. Ал кешкі сағат 20.00-де Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің және қазақ эстрадасының жұлдыздары концерт қояды. Оған Ескендір Хасанғалиев, Айгүл Бабаева, Медеу Арынбаев, Нағима Есқалиева, «Ринго», «Орда» топтары қатысады. Мерекенің соңында қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалайтын болады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оттар «Астана» алаңы, «Көк төбе» телемұнарасы және «Сайран» өзенінен атылады.

Соңғы жаңалықтар