15:08, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда жер сілкінісіне дайындық жаттығуы өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыздың 11-інде Алмалы ауданында жер сілкінісіне дайындық жаттығуы өтеді. Бүгін Жұмылдыру дайындық басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Сейіт Төлбаев осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ол Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі зерттеу агенттігі тобы мен қала әкімдігінің «Алматы қаласындағы жер сілкінісінің қауіп-қатерлерін басқаруды зерттеу» жобасы бойынша өтеді. 2007 жылғы наурыздың 2-сіндегі келісім бойынша тараптар ос уақытқа дейін түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, конференциялар мен басқа да шараларды ұйымдастырды», - дейді Сейіт Төлбаев. Оның айтуынша, наурыздың 11-індегі дайындық шарасы Алмалы ауданындағы №18 мектептің спорттық алаңында өтеді. Онда Төле би мен Гагарин және Розыбақиев пен Жамбыл көшелерінің аралығындағы аумақтағы «Жансая» жеке пәтер иелері кооперативіне қарасты тұрғын үйлерде азаматтық қорғаныс дабылы қағылады.