Алматыда жергілікті бюджет қаржысы бойынша 4 млрд. 578 млн. теңге игерілген жоқ - Қаржы басқармасының бастығы

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда жергілікті бюджет қаржысы бойынша 4 млрд. 578 млн. теңге игерілмеді.

 Алматыда жергілікті бюджет қаржысы бойынша 4 млрд. 578 млн. теңге игерілген жоқ - Қаржы  басқармасының бастығы

Бұл туралы қаржы басқармасының бастығы Айман Әбдіқадырова бүгін Алматы қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте айтты.

«Бюджеттің жалпы орындалмауы 8 млрд. 343 млн. теңгені құрады. Оның 3 млрд. 735 млн. теңгесі республикалық бюджеттен. Бұл қаржының 406,5 миллионы республикалық бюджетке қайтарылады. Оның 200 миллионы конкурс өткізуден, 191,5 миллионы сметадан үнемдеуден түскен. Ал 45 нысан бойынша игерілмеген 3 млрд. 359 млн. теңге 2013 жылы пайдаланылмақ», - дейді А.Әбдіқадырова. Оның айтуынша, бюджет қаржысын игермеген негізгі бағдарлама әкімшілері - Автомобиль жолдары басқармасы (2 млрд. 427,3 млн. теңге), Құрылыс басқармасы (835,7 млн. теңге), Энергетика басқармасы (412,5 млн. теңге) болып отыр. Ал жергілікті бюджет қаржысы бойынша игерілмеген қаражаттың 620 млн. теңгесі конкурс өткізуден, 1 млрд. 489 млн. теңгесі сметадан үнемделген.