Алматыда «Жібек жолын ХХІ ғасырда зерттеу» атты тақырыппен голландиялық саяхатшылардың баспасөз мәслихаты өтеді

Бұл ақпаратты Қазақстан баспасөз клубы таратып отыр.
Голландиялық саяхатшылар Марк ван дер Верфф пен Сандер Парментье квадроциклмен ұзақтығы 30 мың шақырымды құрайтын Роттердамнан Шанхайға дейінгі және кері жолды шамамен 6 айдың ішінде жүріп өтпек. Сапар барысында олар «Бұл ғажайып өмір» деген атаумен деректі фильм түсірмек ниетте.
Сонымен қатар голландықтар SOS Children's жетімдер және тастанды балалар қалашығына да ерешке назар аудармақ. «Біз тек қана осындай бірнеше қалашықты аралауды жоспарлап отырған жоқпыз, сонымен қатар оларға садақа да жинаймыз. Біз өзіміздің осы қарапайым сапарымыз арқылы SOS қалашықтарындағы балалар үшін көп ақша жинауға тырысамыз», дейді Марк ван дер Верфф.
Сапар барысында екі саяхатшының орындауы үшін бірнеше сынақ болады. Сынақтарды орындау олардың жеке сайттарында адамдардың дауыс беру нәтижесіне орай жүргізіледі. Дауыс беру SOS балалар қалашығына жарна енгізу түрінде жүргізіледі. «Ең көп ақша жинаған сынақты біздер орындайтын боламыз. Бұл сынақтар түсіріліп, біздің сайтта (http://silkoffroadsurvival.com/trip-2/the-trip?lang=en ) жарияланады», деді Сандер Парментье.