Алматыда жол апатын туғызған Land Cruiser жүргізушісінің полицияға қатысы жоқ - ПД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаменті əл-Фараби даңғылында болған жол апатына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Аталған іс бойынша Департамент ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен Жол ережесін бұзуға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Іс өндірісі аясында барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, күдікті адамды жазаға тарту мақсатында процессуалды іс əрекеттер қолға алынып жатыр. Жол апатында жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жарақат алды. Ол полиция қызметкері емес»,- деді полиция баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жол апаты әл-Фараби- Жароков көшелерінің қиылысында болған. Toyota Land Cruiser BMW көлігін қағып кеткен. Содан кейін Land Cruiser Mazda көлігін қағып тоқтаған. Жол апатынан Land Cruiser көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға куəгерлерінң айтуынша, Land Cruiser жүргізушісінің кеудесінде жарық беретін киім болған. Ал жерде бақылау камераларының тізімі мен сыраның бос бөтелкесі жатқан.

Фото: СТВ телеканалының "Территория происшествий" бағдарламасынан алынды

Соңғы жаңалықтар