Алматыда жол апатына ұшыраған мопед жүргізушісінің жағдайы ауыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында жоғары жылдамдықпен келе жатып, көлікке соқтығысқан мопед жүргізушісінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жол апатына ұшыраған мопед жүргізушісінің жағдайы ауыр

«Мопед жүргізушісі полижарақатпен орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оған травматикалық 2-дәрежелі шок диагнозы қойылды. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы бүгінгі күні тұрақты және ауыр», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Жантүршігерлік жол апаты 30 шілде күні болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.