Алматыда жол апатынан зардап шеккен әйел нейрохирургия бөліміне ауыстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвайдың қатысуымен болған жол-көлік апатынан зардап шеккен әйел нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, 40 жастағы әйел қазір орташа ауыр халде жатыр. Қойылған диагноз - ашық түрдегі бас сүйек-ми зақымы.

Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылдың 13 қазанында кешкі сағат 19:00-ден асқан шақта ірі жол апаты болған еді. Алтыншы бағыттағы трамвай Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин даңғылының қиылысында 11 жеңіл автокөлікті қағып кеткен. Бұдан әрі кейін батыс бағытта жылжи отырып, Байтұрсынов көшесінің қиылысында тағы үш автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті.

Орын алған оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық Кодкесінің 345-бабында қаралған қылмыстар нышаны бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді.

Енді тиісті сараптама тағайындалып, соның қорытындысы бойынша оқиғаның себептері анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар