17:31, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыда жол-көлік апатының салдарынан екі көлік көпірден құлап кетті
АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматының Солтүстік айналмалы көпірінде орын алған апаттың салдарынан екі көлік көпірден құлап кетті. Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісіне Алматы қаласы бойынша ІІД басшысының баспасөз хатшысы Ермек Болтаев мәлім етті.

«Жүргізушілердің бірі, әйел ауруханаға жеткізілді. Ол қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала болжам бойынша апатқа себепші болған екінші жүргізуші - А., есімді азамат мас болған», - деді Е. Болтаев. Хабарланғандай, А., есімді азамат бір жыл бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған.
«Көлікті айдап кету жөнінде арыз түскен жоқ, бірақ біздің мәліметтер бойынша Техникалық қызмет көрсету стансасында жұмыс істеген А., есімді азамат бояу және электр жүйелерін жөндеу үшін қалдырылған Тойота Камри көлігін айдап кеткен», - деді қалалық ІІД басшысының баспасөз хатшысы.