17:54, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда жол-көлік оқиғасынан опат болғандар саны екі есе азайды
АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда былтыр жол-көлік оқиғасынан опат болғандар саны екі есе азайды. Оны қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев департамент қызметінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқалы жиында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жол қауіпсіздігі желісінде жол-көлік оқиғалары 5 пайызға азайып, онда жарақат алғандар 34 пайызға, ал қаза болған адамдар саны 2 есеге кеміді. Қауіпсіздікті күшейту кезінде белсенді түрде қазіргі заманғы техникалық құралдар қолданылып, бейнебақылау және видефиксаторлар саны көбейтілді. 7 жол айрығында бағдаршам желісі бойынша қайта есептеуге арналған 25 қондырғы орнатылды. Биыл оны тағы 59 жол айрығына орнату жоспарланып отыр», дейді Ерлан Заманбекұлы. Департамент басшысының айтуынша, балалар жарақатын азайту мақсатында былтыр қаладағы 73 мектептің маңында 39 арнайы жүргіншілер өткелі жасалды.