Алматыда жол-құрылыс жұмыстарына байланысты бірқатар көшемен қозғалыс шектеледі
АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылы бойындағы Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін көпірде құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты,
ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап көлік қозғалысы аталмыш көпірдің солтүстік бетінде жаңадан салынған айналма жол арқылы жүзеге асырылады.
Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшелері қиылысындағы жол айырығында негізгі құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталуына байланысты, Саин мен Мұстафин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы ертеңнен бастап Саин көшесі бойындағы айналма жолдар арқылы жүзеге асырылатын болады.