Алматыда Жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
None
None

Ол 40 жастағы  Юрий Редько.  Басқарманың баспасөз хатшысы Еркін Өтегеновтың айтуынша, Юрий Редько жаңа қызметін  31шілдеден бері атқаруда. Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері жұмыс жасайды. Бұл жұмысқа келмес бұрын 2011 жылдан бері Павлодар облыстық әкімшілік полициясы басқармасында қызмет атқарды. Оған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің Жол-патрульдік қызметі және әкімшілік тәжірибе басқармасының бастығы болып қызмет жасаған еді.

Ал Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының бұрынғы бастығы Арман Сарбасов Ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан кезектен тыс аттестаттаудан өте алмауына байланысты таяуда қызметінен босатылған еді. Ішкі істер органдарында 26 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келген Арман Тұрсынбекұлы бұл қызметінен осымен екінші рет кетіп отыр. Ол алғаш рет - 2008 жылы жасаған бес ай жұмысынан кейін өз еркімен рапорт жазып, қызметтен кеткен болатын. 2009 жылы сәуір айында қызметіне қайта оралған ол, өткен айда орнын қайта босатуға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар