21:51, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыда жол талғамайтын көлік пен автобус соқтығысып, 5 адам жапа шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Саин және Жандосов көшелерінің қиылысында №9 маршруттық автобус пен жол талғамайтын көлік соқтығысып, 5 адам жапа шекті, деп хабарлады өңірдегі тілшіміз.
Жол көлік оқиғасы 17.00 шамасында орын алды. Апат болған жерге үш жедел жәрдем бригадасы барды.
Қаланың денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, апат салдарынан 5 адам жарақат алған. Оның екеуі кейінге қалдырылмайтын жедел жәрдем ауруханасына, қалған үшеуі қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жапа шеккен жолаушылардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.