14:19, 16 Мамыр 2019 | GMT +5
Алматыда жолаушымен төбелескен автобус жүргізушісі рейстен алынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматыэлектротранс» ЖШС автобус жүргізушісі мен жолаушының төбелесі түсірілген видеоға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін таңғы сағат 7:15-те №137 маршруттық автобуста жүргізуші мен жолаушы арасында кикілжің болған. Жүргізуші рейстен алынды» - делінген компанияның мәліметінде.
Аталмыш оқиға бойынша автопарк тарапынан тексеру жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.