Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйелдерді көлік басып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылын кесіп өтпек болған екі әйел көлік астына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жол апаты Розыбақиев көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында болды.

Әйелдер жанармай бекетіне қарама-қарсы тыйым салынған тұстан жүгіріп өтпек болғанда «Митсубиси Паджеро» көлігінің астына түсіп қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі әйелдердің бірін ауруханаға алып кетті. Екіншісі алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кетті.

Қазір болған оқиғаны полиция тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар