Алматыда жолға таласқан жүргізушілер жаға жыртысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолға таласып жаға жыртысқан жүргізушілер ұсталды. Жол үстіндегі төбелес туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
None
None

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. Әзірге бұзақылық жасаған 4 адам ұсталды.

Оқиғаға куә болған адамдар қазір түсініктеме беруде», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков.

Соңғы жаңалықтар