Алматыда жүлде қоры 7 000 000 теңгені құрайтын компьютерлік ойын чемпионаты өтеді

trong>Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат/Әділет Мұсахаев/ - Қыркүйектің 25-27-де Алматыда жүлде қоры 7 000 000 теңгені құрайтын компьютерлік ойын чемпионаты өтеді.
None
None

 Бұл туралы  бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында чемпионатты ұйымдастырушылар мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«OSPL autumn 2009» атты компьютер ойындары чемпионаты  еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Өскемен сияқты жеті қаласын қамтиды. 

«Іріктеу Қазақстан бойынша бір уақытта 13-ші қыркүйекте басталады. Әр қаладан шыққан 16 жеңімпаз Алматыдағы чемпионатқа қатысуға жолдама алады. Барлық аймақтан 106 адам келеді деп күтілуде», дейді шараның бас  ұйымдастырушы Марк Қазағашев. Оның айтуынша, чемпионат «ПРО» (кәсіпқойлар), «НОН-ПРО» (әуесқойлар) сияқты екі дивизионды қамтиды.

Бұл шараны «Қазақтелеком» АҚ-ның серіктестігімен Omega Sector Қазақстандағы ірі компьютерлік клубтар желісі өткізеді.

Соңғы жаңалықтар