Алматыда жүріп бара жатқан автобустың артқы дөңгелегі ұшып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүріп бара жатқан автобустың артқы дөңгелегі ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқыс оқиға бүгін түстен кейін Төле би мен Мұқанов көшесінің қиылысында болған. Оның видеосы мен суреттері әлеуметтік желіде тарады. https://www.facebook.com/lovelymox

Facebook қолданушының айтуынша, оқыс оқиғаға Төле би көшесіндегі жолдың тегіс еместігі себеп болған. Бұған дейін де алматылықтар осы магистральда жүргізіліп жатқан шексіз жөндеу жұмыстарына бірнеше рет шағымданған.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, автобус жүргізушісі айнадан түсіп қалған дөңгелегін көріп, дер кезінде әрекет еткен.

«Жүргізуші автобусты уақытында тоқтатып үлгерген. Қазіргі уақытта келеңсіздіктер түзетілді, автобус паркіне оралады. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Автопарк қызметтік тергеу жүргізуде, оқиғаның себебі анықталады»,- деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, Төле би көшесінде инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар