Алматыда жыл сайынғы «Нұрсұлтан-2010» альпиниадасы басталды

nbsp;АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Алматыда Кіші Алматы өзені шатқалында жыл сайынғы «Нұрсұлтан-2010» альпиниадасы ауқымында бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы» (2200 м) - Талғар асуы (3200 м) - Богданович мұздығы (3500 м) - Комсомол асуы (4050 м) жолбағытымен жүгіру басталды. Мәре - Нұрсұлтан шыңы (4200 м).
None
None

Акцияға барлық тілек білдірушілер - салауатты өмір салтын ұстанатын 2 мыңға жуық әуесқойлар қатысады. Спортшылар үшін ерекше бағдарлама көзделген. Олар Оңтүстік беткейден шыңға, сондай-ақ оның құзар басына жүгіріп шығулары тиіс.

Шара Қазақстанда спорттық альпинизмді дамыту және азаматтарды спорттың осы түріне тарту мақсатын көздейді.

Бұл шара елорда күніне арналып отыр. Азия ойындары-2011 Алматы дирекциясының диркторы Сұлтанмахмұт Шоқпытовтың айтуынша, альпиниада сондай-ақ Азиада-2011 ойындарына арналған.

Нұрсұлтан шыңы Іле Алатауының Тұйықсу ауданында орналасқан. Осынау көрікті шың ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған.

Ұйымдастырушылар - Алматы әкімдігі, ҚР Ұлттық Олимпиада Комитеті, Азия ойындары 2011 Алматы дирекциясы, қалалық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы, ҚР ТЖМ, Алматы құтқару қызметі.

Соңғы жаңалықтар