Алматыда жылу қуатының тарифы өзгеріссіз қалды

«Биыл көктемде тарифті көтеру бойынша бізге «Алматы электр стансалары» АҚ, «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Алматыжылукоммунэнерго» ААҚ тарифтерді көтеру бойынша жүгінген болатын. Қазіргі таңда Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кеңескеннен кейін, өтінімдер кейін қайтарылды. Сондықтан биыл тарифтер қымбаттамайды», - деді Б.Сәмбетов.
Ол сонымен қатар «Алматы электр стансалары» компаниясы тарифті - 24,6 пайызға, «Алматы жылу желілері» ЖШС - 137, ал Алматыжылукоммунэнерго» ААҚ - 31,7 пайызға ұлғайтуды сұрағандарын жеткізді. Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылы 25 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалығымен қаланы жаңа жылу маусымына дайындау бойынша отырыс өткен болатын. Онда бағаларды көтеру бойынша барлық өтінімдер кейін қайтарылды.