Алматыда жылу желілерін жөндеуге байланысты жол қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін кешкі сағат 20:00-ден бастап тамыздың 31-іне дейін Райымбек даңғылының Тілендиев пен Емцов көшелерінің арасындағы жол аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталған жол аралығында жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «АГС-Пласт» ЖШС 17 сәуірден ұзындығы 2,1 шақырым болатын «М-5 жылу магистралін жөндеу» бойынша жұмыс атқарып келеді. Қазір жөндеу жұмыстары Брусиловский мен Емцов көшелерінің арасындағы жол аралығында жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар