Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда Зияткерлік ойындар бойынша Еуразия кубогы өтті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Зияткерлік ойындар бойынша Еуразия кубогы өтті. 11-13 қыркүйек арасында өткен сайыста жастар өздерінің білім деңгейін сынап көрді.

Алматыда Зияткерлік ойындар бойынша Еуразия кубогы өтті (ФОТО)

Айта кетейік, ресейлік «Что? Где? Когда?» ойынының Еуразия кубогы үшін, «Своя игра» Еуропа мен Азия кубогы үшін, «Хамса» командалық ойында бақ сынады. Сондай-ақ, «Хамса» мен «Своя игра» бойынша Азия мен Еуропа чемпионаты жеңімпаздарының арасында суперфинал ойнатылды. Турнир ҚР Ұлттық банкі мен «Зияткерлік спорт лигасы» ҚҚ, «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен өтті. Айта кету керек, ойындарға әлемнің бірнеше елінен 40 команда қатысты. Үш күндік сайыстың қорытындысына сәйкес «Что? Где? Когда?» бойынша Мәскеулік КСЕП, Томскіден келген Хайвмайнд, Мәскеулік «Афина» командалары үздік үштікті құрады. «Своя Игра» ойынының Азия кубогын Өзбекстаннан келген Наиль Фарукшин, қазақстандық Муслима Қарабалаева, Герман Смирнов иеленді. «Своя игра» ойынының Еуропа кубогын ресейлік Дмитрий Борок, Илья Новиков, Евгений Калюков жеңіп алды. Қоссайыстың суперфиналын өзбекстандық Наиль Фарукшин, Дмитрий Борок, Илья Новиков иеленді. «Хамса» ойынының Азия кубогын қазақстандық «Ничоси», Еуропа кубогын реселік «Афина», суперфиналды Өзбекстаннан келген «Сонет» командасы еншіледі. «Брейн-ринг» бойынша өзбекстандық Сонет басым түсті. Айта кетерлік жайт, Қазақстанда өткен білім додасына "Что? Где? Когда?" ойынымен бірге есейген Александр Друзь, Илья Новиков, Максим Поташев, Ильман Талыбов, Александр Рубин қатысты.