16:36, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматыдағы №2 балалар үйінде жаңажылдық мереке өтті
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Бүгін Алматыдағы №2 балалар үйінде жаңажылдық мереке өтті.

Бағдарламада - балалар үйі тәрбиеленушілерінің және балалар үйі қонақтарының - цирк кәсіби әртістерінің өнер көрсетуі, түрлі конкурстар мен ойындар. Барлық тәрбиеленушілер жаңажылдық сыйлықтар алды.
«Биылғы жылдан бастап біздер Жаңа жыл кездесуін бірлесіп - тәрбиеленушілермен, қызметкерлермен, қонақтармен және достармен өткізуді шештік және оны дәстүрге айналдырмақшымыз», - деді №2 балалар үйі директорының орынбасары Елена Волкова.