Алматыдағы циркте Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған спектакль қойылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында үстіміздегі жылдың 24 шілдесінде Қазақ мемлекеттік циркінде Қазақ хандығының 550 жылдығына бағышталған спектакль қойылады.
None
None

Цирк директоры Дәулет Досбатыровтың айтуынша, бұл қойылымда хореография, театр, балет, акробатика және жонглер секілді бірқатар жанрлар біріктірілетін болады.

«Спектакль қазақ халқының тарихынан сыр шертетін көне аңызға құрылады. Бұл үшін ұлттық киімдер тігіледі және ұлттық мақамда арнайы музыка да жазылады. Соған орай, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы студенттері арасынан вокалистер таңдап алсақ па деген ойдамыз. Олар вокалдық партияларды жанды дауыспен орындайтын болады. Дегенмен, бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Өйткені циркте акустика жағы онша емес» - деді Д. Досбатыров.

Бұдан басқа, цирк директоры бұл қойылымның көрермендердің көңілінен шығатындығына сенімді екендігін айтты.

Айта кетелік, бұл шара бір жағы «Қазақ мемлекеттік циркі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылғанына 45 жыл толуына орайластырылып отыр. Осыған байланысты қазір циркте екі бөлімнен тұратын мерейтойлық бағдарлама әзірленуде. Бірінші бөлімде цирк өнері саласында еңбек ететін шет елдік белгілі әртістер өнер көрсететін босла, екінші бөлім жоғарыда айтылып өткеніндей Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.

Мерейтойлық бағдарлама 24 шілде күні басталады.

Соңғы жаңалықтар