Алматыдағы «Денис Тен және оның достары» мұзды шоуында орын алған ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда өткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің шоуына қатысушы үш спортшы тоналды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
None
None

«Алматылық полиция қызметкерлеріне «Денис Тен және оның достары» мұзды шоуына қатысушы екі елдің спортшы қыздарының жеке заттарын ұрлаған күдіктіні қолға түсіру үшін бір тәулік қажет болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Шоуға қатысушы 3 қыздың киінетін бөлмесінен қымбат интернет-планшеттер, ұялы телефон, ноутбук, сонымен қатар 5 мың АҚШ доллары ұрланған. Күзетшілерден, шоуды ұйымдастырушылардан сұрастыру кезінде тергеу амалдарына қажетті мәліметтер алынбады.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Алматы облысының Қапшағай қаласында 48 жасар шығысқазақстандық күдіктіні ұстады, ол ұрлық жасағанын мойындап отыр.

Бүгін таңғы сағат 5-тен 30 минут өткенде Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында оның сыбайласы - 32 жасар Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Олардан ұрланған телефон, техника мен ақшанын бір бөлігі табылды. Күдіктілерге бұрын да ұрлық жасағандары үшін іздеу жарияланған. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде, күдіктілер уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, «Денис Тен және оның достары» атты мұзды шоуы Алматы және Астана қалаларында 24-25 мамыр күндері өткен болатын. Оған Бриан Жубер, Фиона Залдуамен Дмитрий Шуханов, Каролина Костнер, Нелли Жиганшина мен Александер Гажи, Владимир Беседин мен Алексей Полищук, Стефан Ламбьель, Ирина Слуцкая, Сергей Якименко және Томас Вернер қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар