Алматыдағы «Dostyk Plaza» сауда орталығының түтіндеу себебі белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Dostyk Plaza» сауда орталығының түтінденуі ондағы желдету, яғни ауа тазартатын қозғалтқыш қайысының үзіліп кетуінен орын алған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсен мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, түтін «Dostyk Plaza» сауда орталығының үшінші қабатынан шыққан. Мұнда желдеткіш камераның алтыншы блогындағы электр моторының желдетуші қайысы істен шығуы, мотордың шектен тыс қызып, түтінденуіне әкеп соққан.

«Dostyk Plaza» сауда орталығынан түтін шығып жатқандығы туралы алғашқы хабар осы орталықтың күзет қызметінен бізге бүгін 13 сағат 48 минутта келіп түсті. Артынша 18 техника мен жеке құрамның 60 адамы оқиға орнына жөнелтілді. Сауда орталығынан 170 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 60-ы - балалар. Кейін түтінденудің себептері анықталған соң, дабыл тоқтатылды. Өрті сөндіруші қызметкерлер өз бөлімшелеріне қайтарылды», - деді Айнұр Дүйсен.

Соңғы жаңалықтар