Алматыдағы «форсаж»: жолда бұзақылық жасаған жүргізушілердің бірі 10 тәулікке қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жол қозғалысын бөгеп, «форсаж» ұйымдастырғандардың тағы біреуі 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы хабарлады.

Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сот «БМВ» көлігін тізгіндеген Байрамов Рапикті де ҚР ӘҚбК 434-бабы бойынша айыпты деп тауып, 10 тәулікке қамауға шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, оған дейін мұндай бассыздығы үшін 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен 23 жастағы Мамедов Афган 10 тәулікке қамалған болатын.

Айта кету керек, Алматыда бірнеше көлік әл-Фараби көшесінің бойында тұтас жолды бітеп, «форсаж» ұйымдастырған болатын. Жол бойындағы «дрифт-шоу» бейнекамераға түсіп қалған.

Қалалық полиция көлік қозғалысына кедергі келтірген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нақтырақ айтқанда, 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен 23 жастағы Мамедов Афган әкімшілік кодекстің 7-бабы бойынша айыпқа тартылды. «Lexus IS» тізгіндеген Құрбанов ҚР ӘҚбК 606-бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614-бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590-бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу) бойынша жауап беретін болады. Ал «Мицубиси Лансер» көлігін тізгіндеген Мамедовке қатысты әкімшілік полиция басқармасы 4-бап бойынша: ҚР ӘҚбК 606 бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590-бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу), 601-бабының 1-тармағы (жол белгілеріне назар аудармау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ, ашық жолды әдейі бітеп, қасақана жылдамдықты азайтқан той кортежінің тағы үш көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 614-бабы (көліктерге кедергі келтіру) хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар