Алматыдағы Gorky Tennis Park клубы Балаларды қорғау күніне орай оларға сый жасамақ

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы Gorky Tennis Park клубы 30-шы мамыр күні Медеу ауданындағы 7 мен 12 жас аралығындағы балалар арасында қайырымдылық шарасын өткізбек,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның ашылу рәсіміне аудан әкімі Махамбет Бейдәлі қатысады деп күтілуде.

2008 жылы қараша айында барлық талаптарға сай құрылған клуб жұртшылық арасында теннис ойынының кеңінен тарауына және олардың қызығушылығын тудырып келеді. Сонымен қатар мұнда турнирлерге қатысатын спортшылар дайындалуда. Клуб тек жергілікті ғана емес, халықаралық деңгейдегі турнирлерді де ұйымдастырып жүр.

Соңғы жаңалықтар