Алматыдағы қарулы қақтығыстан 7 полиция қызметкері ауруханаға түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы қарулы қақтығыс салдарынан 7 полиция қызметкері ауруханаға түсті.
Жедел жәрдем ауруханасы кезекші бөлімінің «ҚазАқпарат» тілшісіне хабарлауынша, оқ жарақатымен ауруханаға 5 тәртіп сақшысы түскен. Тағы екеуі қаланың өзге ауруханасына түскен. Қалалық ІІД ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері арасында көз жұмғандар бар, бірақ нақты саны анықталған жоқ.
Шабуылшылардың бірі ұсталды, тағы бірі - іздестірілуде. Қалаға «Ұстау» арнайы жоспары енгізілді. Сондай-ақ, террористік қауіптіліктің «қызыл деңгейі» жарияланды.