Алматыдағы ҚР Тәуелсіздігініңң 20 жылдығына арналған шаралардың бюджеті 27,6 миллиард теңгені құрап отыр - Серік Сейдуманов

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығында 170 ірі әлеуметтік-маңызды шаралар өткізіледі.
None
None

Оны қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының көшпелі отырысында айтты.

«Егемендіктің маңызын айшықтауда «тәуелсіздіктің алтын бесігі» - Алматының орны айрықша. Тәуелсіздігіміздің тұсауы осында кесілді. Елдігімізге тиянақ болған игілікті істердің бәрі осы Алматыдан бастау алды. Елбасының 27 қаңтардағы №1144 «2011 жылды ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Жарлығына сәйкес қала әкімінің қаулысы қабылданды. Аталмыш құжат 170 әлеуметтік-маңызды шараларды өткізуді қарастырады. Оларды жүзеге асыруға байланысты 27 миллиард 671 миллион 124 мың теңге көлеміндегі қаржы көздері жоспарланған», - дейді Серік Тұрарұлы. Оның айтуынша, бұл іс шаралардың құрылымы мерекелеу тұжырымдамасына толығымен сәйкес келеді. Жыл басынан бері осы арнадағы жұмыстарға азаматтық қоғам институттары, қоғамдық ұйымдар кеңінен тартылып, «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен шаралар кеңінен ұйымдастырылды. Түрлі форматтағы шаралар барысында қала жұртшылығының мақсатты топ өкілдерін кеңінен қатыстыруға және ауқымды шаралар ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар