Алматыдағы метро іске қосылған кезде 1022 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі

sp;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда 2010 жылдың қараша айында іске қосылатын метрода жолақы 75-80 теңге аралығында болады. Оны "Метрополитен"   мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қауыт Мұсабеков    бүгін қала әкімі метро стансыларындағы жұмыстың барысымен танысу кезінде айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы метро құрылысында арнайы құрылған 3 кәсіпорын жұмыс жасайды. Олар -  "Алматыметроқұрылыс", құрал-жабдық жеткізумен айналысатын дирекция және "Метрополитен". Қажетті қаржы дер кезінде бөлінетін болса алғашқы кезекте іске қосылатын 7 стансы қараша айында пайдалануға беріледі. Онда 1022 адам жұмыс істейтін болады.  Қазіргі таңда олар дайындалып жатыр.  Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның  "Хундай Ратем" электропоездарына тапсырыс берілді. Мамандар әлемде үздік үштіктің қатарына кіретін бұл өндірісшінің алғашқы пойызды   арнайы барып көріп қайтты. Әрқайсысы 4 вагоннан тұратын 7 пойыз мамыр-тамыз айларында елге жеткізіле бастайды", дейді "Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қауыт Мұсабеков. Оның айтуынша, жолақысы қазіргі таңда 75-80 теңге аралығында болады деп жоспарланып отыр.  Метро құрылысының келесі кезеңдерінде  Алатау стансысынан Қалқаманға дейінгі аралықта тағы 12 стансы іске қосылатын болады.   Жалпы ең соңғы салынған метро болғандықтан өзге елдердің метроларына қарағанда Алматыдағы метро қозғалысында ең соңғы озық техника мен технологиялар пайдаланылады. Мәселен Мәскеу, Ташкент қалаларында кеңестік метро көліктері пайдаланылып жүр. Сондай-ақ олардың пайдалану мерзімі  бұл күнде аяқталуға жақын.

Соңғы жаңалықтар