Алматыдағы өрт: Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бейнежазбадан тұрғындардың балаларды терезеден төсенішке лақтырып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт шарпыған аумақ нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-300 адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды.

Өрт сағат 18-46-да оқшауланып, көп ұзамай толығымен сөндірілді.


Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар.


Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілді.




Соңғы жаңалықтар