Алматыдағы семинар-кеңесте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде «Халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияны қүшейту және бизнесті дамыту» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
None
None

Оған жергілікті мемлекеттік органдардың, ғылыми, үкіметтік емес ұйымдардың және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

«Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды міндеттерінің бірі және халықтың өмір сапасы мен әл- ауқатының айқын көрінісі. Семинар-кеңестің басты мақсаты - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы түсіндіру, елдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылау және алдағы уақытта атқарылатын іс-қимылдарды әзірлеу. Бүгін маңызды мәселелер екі бағыт бойынша талқыланды. Олар: «Еуразиялық интеграция елдердің тұрақты өсуінің факторы ретінде» және «Өңірлік өсудің маңызды орталығы ретінде Қазақстанның рөлін нығайту» деп аталады», - деді өз сөзінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің бас сарапшысы Серік Ожаров.

Бүгінгі шарада отандық бизнесті, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Еуразиялық экономикалық одақты кеңейту, ДСҰ-ға ену, кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау ресурстарына қол жеткізуі, жекешелендіру қағидаларын жетілдіру секілді мәселелер бойынша айтылған ұсыныстар Қазақстанның 2015 жылғы бәсекеге қабілеттілігі бойынша баяндамаға енеді. Ал баяндама алдағы уақыта ҚР Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік бойынша Кеңесте оқылады. Кеңестің төрағасы - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов. Ал мүшелері - министрлер мен ұлттық компаниялардың басшылары.

Айта кетелік, бұған дейін мұндай семинар-кеңес Астана, Ақтөбе Қарағанды және Шымкент қалаларында өткен. Бүгінгі шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және Алматы әкімдігі.

Соңғы жаңалықтар