Алматыдағы түтін 70 жылдары да болған - Бауыржан Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бауыржан Байбек Алматының экологиясына қатысты басты мәселердің бірі қаланы басқан қара түтінге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мен интернетте 80-жылдардағы Көктөбенің суретін тауып алдым. Сол кездің өзінде қара түтін болған, ештеңе өзгере қойған жоқ. Мен алматылық ретінде айтар едім. Ауа қай кезде таза болды? Жауын жауған кезде де. Алматы тау етегінде орналасқан. Сондықтан, біз электр транспортын дамытуға күш салып жатырмыз. Бірақ кей нәрсені өзгерте алмайсың, біздің қаламыз солай орналасқан. Оны да түсіну керек», - деді әкім.

Оның айтуынша, қала билігі энергиялық тұрғыдан тиімді өндірістерді дамытып, зиянды заттарға салынатын айыппұл құнын көтеру керек.

Соңғы жаңалықтар