10:17, 11 Қаңтар 2019 | GMT +5
Алматыдан 118 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 9 сағат 2 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 118 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.7. MPV магнитудасы - 4.0, тереңдігі - 15 шақырым.
Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.