07:53, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Алматыдан 135 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 02 сағат 55 минут кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 135 шақырым жерде Қырғызстан территориясында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,6 болса, магнитудасы MPV 4,3, ал тереңдігі 15 шақырымды құраған.
Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.