Алматыдан 144 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында 4,7 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек күні Алматы уақыты бойынша сағат 13:32-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 144 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында 4,7 балдық жер сілкінісі болды

Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 144 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0, магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 10 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.