Алматыдан 160 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 5 мамыр күні Алматы уақытымен 05 сағат 39 минут 33 секундта жер сілкінісін тіркеді.
None
None

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 160 км аймақта Қырғызстан территориясында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы -4.3»,-делінген «Алматы» СББО кезекші операторының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар